БАҚ ӨКІЛДЕРІН «ОҢТҮСТІК» — «ХАН ТӘҢІРІ» МАТЧЫНА ШАҚЫРАМЫЗ! ⚽️
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Сіздерді «Оңтүстік» — «Хан Тәңірі» командалары арасындағы маңызды матчты ақпараттық тұрғыда жариялауға шақырамыз.
📅 13 қыркүйек
⏰ 16:00
📍 «Намыс» стадионы, Шымкент қаласы
Бұл кездесуде «Оңтүстік» командасы турнирлік кестенің көшін бастап тұрған «Хан Тәңірі» командасын қабылдайды.
Матч аясында БАҚ өкілдері үшін ойын барысын тамашалап, ақпарат жинауға және матчтан кейінгі материалдар дайындауға мүмкіндік беріледі.
🎤 Спорт журналистерін, фотографтар мен операторларды маңызды кездесуді бірге жариялауға шақырамыз!
Ақпаратты бірге таратайық, футболды бірге қолдайық!
12.09
0