Меню KDT
8 (7072) 31-85-84, 8 (7477) 46-50-92
imgglav.jpeg?_=1732777187

«ОҢТҮСТІК» КӨШБАСШЫНЫ 6:1 ЕСЕБІМЕН ЖЕҢДІ! 🔥⚽️

13.09.2026
Просмотров: 2
Шымкенттегі «Намыс» стадионында өткен тартысты кездесуде «Оңтүстік» командасы турнирлік кестенің көшін бастап тұрған «Хан Тәңірі» командасын ірі есеппен жеңді! Кездесу 6:1 есебімен аяқталды. «Оңтүстік» ойыншылары матчтың алғашқы минуттарынан бастап белсенділік танытып, шабуылда жоғары қарқын көрсетті. Команда футболшылары алаңда ұйымшыл ойын өрнегін көрсетіп, қарсылас қақпасына алты гол соқты. Әрбір голдан кейін командаға деген сенім арта түсті. Ойын соңына дейін қарқынын бәсеңдетпеген «Оңтүстік» сенімді жеңіске қол жеткізді. 🏆 «Оңтүстік» —
Толығырақ >>

МАТЧ АНОНСЫ! ⚽️🔥

13.09.2026
Просмотров: 2
МАТЧ АНОНСЫ! ⚽️🔥 📅 13 қыркүйек ⏰ 16:00 📍 «Намыс» стадионы, Шымкент «Оңтүстік» командасы өз алаңындағы кезекті кездесуін өткізеді! 13 қыркүйек күні Шымкенттегі «Намыс» стадионында жерлестеріміз «Хан Тәңірі» командасын қабылдайды. Бұл — қос команда үшін де маңызды кездесу. «Оңтүстік» ойыншылары өз алаңында жанкүйерлерінің қолдауымен бар күшін салып, жақсы нәтиже көрсетуге ұмтылады. 💙 Футболшыларымызға қолдау көрсетіп, бірге жанкүйер болайық!
Толығырақ >>

БАҚ ӨКІЛДЕРІН «ОҢТҮСТІК» — «ХАН ТӘҢІРІ» МАТЧЫНА ШАҚЫРАМЫЗ! ⚽️

12.09.2026
Просмотров: 3
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! Сіздерді «Оңтүстік» — «Хан Тәңірі» командалары арасындағы маңызды матчты ақпараттық тұрғыда жариялауға шақырамыз. 📅 13 қыркүйек ⏰ 16:00 📍 «Намыс» стадионы, Шымкент қаласы Бұл кездесуде «Оңтүстік» командасы турнирлік кестенің көшін бастап тұрған «Хан Тәңірі» командасын қабылдайды. Матч аясында БАҚ өкілдері үшін ойын барысын тамашалап, ақпарат жинауға және матчтан кейінгі материалдар дайындауға мүмкіндік беріледі.
Толығырақ >>

«ОҢТҮСТІК» КОМАНДАСЫ 0:4 ЕСЕБІМЕН ЖЕҢІЛДІ

07.09.2026
Просмотров: 2
«Оңтүстік» командасы кезекті матчын сырт алаңда өткізіп, «Атырау» командасымен кездесті. Ойын барысында алаң иелері бірнеше гол соғып, кездесудің соңына дейін есептегі басымдықтарын сақтап қалды. «Оңтүстік» футболшылары да жауап голын соғуға тырысып, шабуылдар ұйымдастырғанымен, бұл жолы есепті өзгерту мүмкін болмады. Кездесу қорытындысы бойынша «Атырау» – «Оңтүстік» 4:0. Бұл ойыннан қажетті қорытынды шығарып, алдағы кездесулерге дайындықты жалғастырамыз. Маусым әлі жалғасуда, команда алдында жаңа матчтар мен жаңа мүмкіндіктер бар.
Толығырақ >>

БІЗГЕ СІЗДЕРДІҢ ҚОЛДАУЛАРЫҢЫЗ КЕРЕК! 💙⚽️

07.09.2026
Просмотров: 2
«Оңтүстік» командасы кезекті маңызды матчқа дайын! Алда — тартысты ойын, жаңа сынақ және жеңіс үшін күрес. Алаңда футболшыларымыз бар күшін салып, команданың намысын қорғайды. Ал біз үшін жанкүйерлердің қолдауы — үлкен күш! 🙌 Әрбір жылы лебіз, әрбір қолдау сөзі футболшыларымызға жігер беріп, алаңда соңына дейін күресуге серпін береді.
Толығырақ >>

МАТЧ АНОНСЫ! ⚽️

07.09.2026
Просмотров: 2
📅 7 қыркүйек ⏰ 17:00 📍 Атырау қаласы, «Судоремонтник» стадионы Кезекті ойын күні! 🔥 7 қыркүйек күні «Оңтүстік» командасы сырт алаңда маңызды кездесуге шығады. Бұл күні біздің футболшыларды «Атырау» командасы қабылдайды. Кездесу барысында қос команда да жеңіс үшін бар күшін салатыны анық. «Оңтүстік» ойыншылары алаңда ұйымшылдық, жігер мен жеңіске деген ұмтылысын көрсетіп, жанкүйерлерін қуантуға тырысады. ⚽️ Қызықты әрі тартысты ойын күтеміз!
Толығырақ >>

Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Қожабаев Бақдәулет Бағланұлы

Опрос

Статистика

  • Осы айда151
  • Осы аптада43
  • Кеше2
  • Бүгін1
  • Желіде:0

Полезные ссылки