Сіздерді "Оңтүстік" спорт клубы-футбол академиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінде көруге қуаныштымыз. Клуб-академия сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік өалыптастыруға ұмтылады. Клуб-академияда Комплаенс-офицер тағайындалды, ішкі құжаттаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен талдау жүргізу, қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына оқту бойынша кешенді және жүйелі шараларды көздейтін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар іске асырылуда.
Клубтың Комплаенс-офицерінің негізгі міндеттері:
Негізгі қағидаттардың сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
Клуб-академияда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;
Клуб-академия қызметінде сыбайллас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәукелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау;
Клуб-академияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Егер сізге мәлім болса:
Сыбайлас жемқорлық, алаяқық және жымқыру фактілері туралы;
Лауазымды адамдардың қызметтік жағдайын теріс пайдалануы және өкілеттіктерін асыра пайдалануы туралы;
"Оңтүстік" спорт клубы-футбол академиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін немесе өзге де іс-әрекеттер жасағаны туралы +7 7017779110 сенім телефоны арқылы дереу хабарлауды сұраймыз.