«ОҢТҮСТІК» КӨШБАСШЫНЫ 6:1 ЕСЕБІМЕН ЖЕҢДІ! 🔥⚽️
Шымкенттегі «Намыс» стадионында өткен тартысты кездесуде «Оңтүстік» командасы турнирлік кестенің көшін бастап тұрған «Хан Тәңірі» командасын ірі есеппен жеңді!
Кездесу 6:1 есебімен аяқталды. «Оңтүстік» ойыншылары матчтың алғашқы минуттарынан бастап белсенділік танытып, шабуылда жоғары қарқын көрсетті.
Команда футболшылары алаңда ұйымшыл ойын өрнегін көрсетіп, қарсылас қақпасына алты гол соқты. Әрбір голдан кейін командаға деген сенім арта түсті. Ойын соңына дейін қарқынын бәсеңдетпеген «Оңтүстік» сенімді жеңіске қол жеткізді.
🏆 «Оңтүстік» — «Хан Тәңірі» 6:1
Бұл — команда үшін маңызды әрі жарқын жеңіс! Футболшыларымыздың алаңдағы жігері, өзара түсіністігі және соңына дейін күресе білуі өз нәтижесін берді.
💙 Жеңіс құтты болсын, «Оңтүстік»!
🔥 Алға, «Оңтүстік»! Жеңістеріміз көп болсын!
13.09
0