QJ League B турнирінің 4-туры аясында өз алаңымызда өткен тартысты кездесуде «Оңтүстік» U18 командасы Өскеменнің «Алтай» U18 командасын 3:2 есебімен жеңіп, жанкүйерлеріне керемет көңіл күй сыйлады!
Кездесу жоғары қарқынмен өтіп, екі команда да шабуылға басымдық берді. Алаңдағы әрбір сәт жанкүйерлерді ерекше әсерге бөлеп, ойын соңына дейін тартыс бір сәтке де бәсеңдеген жоқ. Футболшыларымыз мінез, жігер және нағыз командалық рухтың үлгісін көрсетіп, маңызды үш ұпайды қоржынға салды.
Бұл жеңіс – тек таблодағы нәтиже ғана емес, ойыншылардың тынымсыз еңбегінің, жаттықтырушылар штабының жүйелі жұмысының және жанкүйерлердің қолдауының жемісі.
💙 Командамызды маңызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жігіттерге алдағы кездесулерде де сәттілік, жарақатсыз ойын және жеңісті күндердің жалғасын тілейміз.
🤍 Алға, «Оңтүстік»! Бірге жеңіске жетеміз! ⚽🔥
23.05