Жаңа маусым жеңілістен басталды
QJ League чемпионаты аясындағы маусымдағы алғашқы сырт алаңдағы ойында «Оңтүстік» академиясының командасы «Жетісу» ұжымымен кездесіп, өкінішке қарай 4:1 есебімен жеңіліс тапты. ⚽️
Матч барысында жігіттер соңына дейін күресіп, бар күш-жігерін салды. Команда алаңда мінез көрсетіп, шабуылда да, қорғаныста да белсенді ойын өрнегін көрсетуге тырысты. Алайда бұл кездесуде сәттілік қарсылас команда жағында болды.
💪 Әр ойын — үлкен тәжірибе.
Бұл матч та команда үшін маңызды сабақ пен алдағы кездесулерге дайындықтың бір бөлігі болды. Жігіттер қателіктермен жұмыс жасап, келесі матчтарға тың күшпен оралуға дайын!
👏 Командамызға қолдау көрсетіп жүрген жанкүйерлерге алғыс айтамыз. Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз біз үшін өте маңызды!
🏟️ Енді бар назар — алдағы үйдегі ойынға!
QJ League чемпионаты аясындағы келесі кездесу 9 мамыр күні өз алаңымызда өтеді. Команда жанкүйерлер алдында жақсы нәтиже көрсету үшін бар күшін салады!
🔥 «Оңтүстік» алға!
⚽️ Жеңістер әлі алда! 💙
03.05
0