Меню KDT
8 (7072) 31-85-84, 8 (7477) 46-50-92

Новости

Недостаточно полномочий

Бүгін, 18 сәуір күні Freedom QJ League чемпионатының жаңа маусымы ресми түрде бастау алды!

Биылғы маусым жасөспірімдер футболы үшін жаңа мүмкіндіктер мен үлкен бәсекеге толы болмақ. Чемпионатқа Қазақстанның 18 өңірінен шамамен 2000 жас футболшы қатысып, өзара мықтыны анықтайды.

Жаңа маусымда алғаш рет U-15 санаты қосылып, сондай-ақ U-16, U-17 және U-18 жас ерекшеліктеріндегі командалар жарысты жалғастырады. Freedom QJ League бүгінде жас футболшылардың кәсіби деңгейде дамуына жағдай жасап, заманауи технологиялар мен жоғары деңгейдегі ұйымдастыру жұмыстарын енгізіп келеді.

Үш маусым ішінде лига 3 мыңнан астам жасөспірімді қамтып, 997 матч өткізді. Ойындардың басым бөлігі тікелей эфирде көрсетіліп, жалпы қаралым саны 3,5 миллионға жуықтады.

Жаңа маусым — жаңа эмоция, жаңа жеңіс, жаңа тарих! 

Алға, жас футболшылар! 18.04
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Қожабаев Бақдәулет Бағланұлы

Опрос

Статистика

  • Осы айда163
  • Осы аптада52
  • Кеше4
  • Бүгін2
  • Желіде:0

Полезные ссылки