QJ League мамандары «Оңтүстік» академиясының ойыншыларына арнайы сынақ өткізді
«Оңтүстік» футбол академиясында жас спортшылар үшін маңызды әрі жауапты күн өтті. QJ League мамандары академия ойыншыларының шеберлігін бақылап, арнайы іріктеу сынағын ұйымдастырды.
Сынақ барысында футболшылардың техникалық дайындығы, доппен жұмыс істеу деңгейі, ойын оқу қабілеті, тактикалық сауаттылығы және физикалық дайындығы жан-жақты бағаланды. Әрбір ойыншы өз мүмкіндігін толық көрсетуге тырысып, кәсіби мамандардың назарын аударуға бар күшін салды.
Мұндай сынақтар жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе мен жаңа мүмкіндік беретіні сөзсіз. Бұл — тек өз деңгейін көрсету ғана емес, болашақ кәсіби футболға жасалған маңызды қадам. Академия тәрбиеленушілері алаңда мінез, тәртіп және жеңіске деген жігер көрсете білді.
Осындай жобалар жас футболшылардың дамуына серпін беріп, олардың кәсіби деңгейге көтерілуіне жол ашады. «Оңтүстік» академиясының ойыншылары алдағы уақытта да жоғары нәтижелерге жетіп, қазақ футболының болашағына айналады деген сенім мол.
Алға, «Оңтүстік»!
24.04
0