Меню KDT
8 (7072) 31-85-84, 8 (7477) 46-50-92

Новости

Недостаточно полномочий

Марапаттау церемониясына шақырамыз!

Шымкенттік "Оңтүстік” футбол клубы-академиясы екі жыл қатарынан QJ League чемпионатының В Лигасында жеңімпаз атанып отыр. Жақында “Оқжетпес” командасымен өткен ойында мерзімінен бұрын чемпиондық атаққа қол жеткізді. Бұл команда сапында 2008 жылғы жасөспірімдер ойнайды.

Команданың бас бапкері – Андрей Ваганов. Ойыншылардың ішінде Алихан Али турнирдің үздік сұрмергендерінің қатарынан көрінуде.

Академия аталмыш чемпионатқа үшінші жыл қатарынан қатысып келеді. Алғашқы маусымда бесінші орын алған команда бүгінде тұрақты жеңімпазға айналды.

QJ League чемпионаты Freedom холдингінің басшысы Тимур Тұрловтың қолдауымен өтеді. Бұл дода көптеген жас таланттарға үлкен спортқа жол ашуда. Соның бір айғағы – “Қайрат” командасының ойыншысы Дастан Сатпаевтың ағылшындық “Челси” клубымен келісімшартқа қол қоюы.
Баршаңызды командамыздың марапаттау церемониясына Шақырамыз! 
Марапаттау рәсімі 28 қыркүйек күні "Елімай" командасына қарсы өтетін ойынды аяқтаған соң өтеді. Матч сағат 12-00-де басталады.

📍 Өтетін орны: «БИІК» спорт кешенінің «Намыс» стадионы (Тассай, Ақсүмбе, 40/1).
19.09
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Қожабаев Бақдәулет Бағланұлы

Опрос

Статистика

  • Осы айда156
  • Осы аптада36
  • Кеше3
  • Бүгін4
  • Желіде:0

Полезные ссылки