«ОҢТҮСТІК» – «ҚЫЗЫЛЖАР»: 4:4
«Оңтүстік» пен «Қызылжар» арасындағы матч өте тартысты әрі эмоцияға толы өтті. Ыстық күннің аптабынан бөлек, ойыншылар мен жанкүйерлердің қызу эмоциясы да жағдайды қыздыра түсті. Қарсыластар соңғы минуттарға дейін намысқа тырысып, ойын тағдыры дәл сол сәттерде шешілді.
Ойынның 3-минутында-ақ петропавлдық қонақтар есеп ашты — Ислам Итикеевтің пасын Иван Волгин голға айналдырды. Алайда арада көп уақыт өтпей-ақ, алаң иелері есепті теңестірді — Никита Горбачев өз қақпасына гол соғып алды. Ал 25-минутта Диас Ибадулла «Оңтүстікті» алға шығарды.
Көп ұзамай «Оңтүстік» ойыншысы Темірлан Ермек қызыл карточка алып, команда азшылықта қалды. Бұл жағдайды Ислан Итикеев тиімді пайдаланып, алты минуттың ішінде қос гол соғып, дубль жасады.
67-минутта шымкенттік команда сапындағы Алихан Әли есепті қайта теңестірді. Алайда «Қызылжар» бірден жауап қайтарды — Әділхан Аманжол өз командасын қайта алға шығарды.
Матчтың соңғы сәттерінде алаң иелерінің ойыншысы Оралхан Құлмурат маңызды гол соғып, есепті 4:4 етті.
Осылайша, ойын тең нәтижемен аяқталды.
20.06
0