«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы » партиялық жобасы аясында «Оңтүстік» Академиясына «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының төрағасы мен атқарушы хатшысы Бауыржан Кеңесұлы мен Есімхан Бертаев келді. Олар Халықаралық денсаулық күніне байланысты Түркістан қаласында өткен «Turan cup» халықаралық чемпинатында бас жүлдені ұтып алған Академиямыздың 2013 жылғы ойыншыларын құттықтап, арнайы футбол құрамасына жетерлік формалар мен қажетті құрал – жабдықтарын табыстады. Спортшыларды нәтижелі жаттығулардың арқасында осындай жетістікке жету үлкен мәртебе екенін айтып, осымен тоқтамай әрмен қарай алға қадам баса берулері керектігін балаларға түсіндірді.
«Оңтүстік» Академиясының 2013 жылғы ойыншылары бұған дейін Хорватия мемлекетінде жарысқа қатысып, ол жақта да жақсы нәтиже көрсеткен. Қонақтар футболшыларға алдағы сайыстарға сәттілік тілеп, аталған топ мүшелеріне қыстық киімдерін де алып беруге уәде етті.
07.04