Оңтүстік" Академиясының 2013 жылғы ойыншылары Түркістан қаласында өткен "Turan cup" халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда командамыз "Қайрат" ФК Академиясының N1 филиалының командасынан басым түсті.
Бұл додада 2011, 2013 және 2015 жылы туған жас футболшылар бақ сынап, жанкүйерлерге әсерлі ойын сыйлады.
Жасыл алаңда 32 команда (536 жас футболшы) өз шеберліктерін көрсетті. Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев жеңімпаздарды марапаттап, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
2011 жылға дейінгі жасөспірімдер:
І орын Түркістан қаласының №3 БЖСМ командасы
ІІ орын Алматы облысы құрамасы
ІІІ орын «Қайрат F1» командасы (Алматы қаласы)
2013 жылға дейінгі жасөспірімдер:
І орын «Оңтүстік Академия» командасы (Шымкент қаласы)
ІІ орын «Қайрат F1» командасы (Алматы қаласы)
ІІІ орын «Aibyn» командасы (Астана қаласы)
2015 жылға дейінгі жеткіншектер:
І орын ОФМБЖСМ командасы (Қонаев қаласы)
ІІ орын «Legasy» командасы (Астана қаласы)
ІІІ орын «Tarlan» командасы (Шымкент қаласы)
03.04