Меню KDT
8 (7072) 31-85-84, 8 (7477) 46-50-92
imgglav.jpeg?_=1732777187

⚽️ ОЙЫН ҚОРЫТЫНДЫСЫ

17.05.2026
Просмотров: 13
QJ League B турнирінің 3-туры аясында сырт алаңда өткен кездесуде «Оңтүстік» U18 командасы Көкшетаудың «Оқжетпес» U18 командасымен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіліс тапты.   Ойын барысында жігіттеріміз соңына дейін күресіп, мінез көрсетті. Алайда қарсылас өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, кездесуді өз пайдасына аяқтады.   Жеңіліс – әрқашан тәжірибе мен сабақ. Мұндай ойындар команданың өсуіне, қателіктермен жұмыс істеуге және алдағы кездесулерге тыңғылықты дайындалуға мүмкіндік береді. Біз командамыздың әлеуетіне сенеміз және олардың алдағы
Толығырақ >>

🔥 БАСТАПҚЫ ҚҰРАМ БЕЛГІЛІ!

17.05.2026
Просмотров: 12
⚽ QJ League B турнирінің 3-туры аясында өтетін «Оқжетпес» U18 – «Оңтүстік» U18 кездесуіне алаңға шығатын футболшыларымыздың бастапқы құрамы анықталды.   Бүгінгі матч – команда үшін маңызды сын. Әр ойыншы алаңда өз шеберлігін, мінезін және жеңіске деген жігерін көрсетуге дайын. Жанкешті ойын, өзара түсіністік пен командалық рух – бүгінгі кездесудің басты қаруы болмақ.   💙 Жігіттерімізге сәттілік тілейміз! Жарақатсыз ойын көрсетіп, бар күш-жігерлеріңізді салып, жеңіс үшін соңына дейін күресіңіздер. Біз сіздерге сенеміз және әрдайым қолдаймыз!
Толығырақ >>

✈️ ЕРТЕҢ – МАҢЫЗДЫ МАТЧ! ⚽

16.05.2026
Просмотров: 13
QJ League B турнирінің 3-туры аясында «Оңтүстік» U18 командасы сырт алаңда «Оқжетпес» U18 командасымен кездеседі.   🗓️ Күні: Ертең ⏰ Уақыты: 12:00 🏟️ Өтетін орны: «Оқжетпес» стадионы, Көкшетау қаласы 📺 Тікелей эфир: QJ League YouTube арнасында   Жігіттеріміз кезекті ойынға тыңғылықты дайындықпен аттанды. Әр матч – тәжірибе, әр жеңіс – үлкен мақсатқа бастар қадам. Командамыз алаңда бар күш-жігерін салып, жанкүйерлер сенімін ақтауға тырысады.
Толығырақ >>

Хорватияда өткен турнирде - үздік бестікте!

14.05.2026
Просмотров: 24
"Оңтүстік” футбол академиясының 2015 жылы туған ойыншыларынан құралған командасы Хорватия елінде өткен беделді халықаралық Dalmatinco Cup турнирінен елге оралды. Дүниежүзінің әр түкпірінен келген 24 команданың арасында біздің жас спортшылар жоғары деңгейде ойын көрсетіп, турнир қорытындысы бойынша 5-орынға ие болды. Бұл — балалардың еңбегі мен жаттықтырушылардың тынымсыз жұмысының нәтижесі. Халықаралық деңгейдегі додада тәжірибе жинап, өз мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасағаны үшін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мырзаға алғысымызды білдіреміз.
Толығырақ >>

ЖЕҢІСТІҢ ДӘМІ ӘРҚАШАН ЕРЕКШЕ!

09.05.2026
Просмотров: 14
Бүгінгі тартысқа толы матчта «Оңтүстік» академиясының командасы өз алаңында маңызды жеңіске қол жеткізіп, жанкүйерлерге керемет эмоция сыйлады! 💙🤍 3:2 есебімен аяқталған ойын нағыз футбол мерекесіне айналып, алаңдағы жігер мен трибунадағы атмосфера ерекше әсер қалдырды! ⚽️🔥 👏 Осындай жарқын жеңістен кейін академиямыздың серіктесі @Shefs Street Food ойыншыларымызға дәмді пиццалар ұсынып, команданың қуанышын еселей түсті 🍕✨ Жеңістен кейінгі көтеріңкі көңіл-күй, командалық ауызбіршілік пен қуаныш — бүгінгі күннің ерекше сәттерінің біріне айналды! <br
Толығырақ >>

Жаңа маусымдағы алғашқы жеңіс!

09.05.2026
Просмотров: 18
QJ League чемпионаты аясында бүгін «Оңтүстік» академиясының командасы өз алаңында «Қызылжар» командасын қабылдап, жанкүйерлерге нағыз тартысқа толы матч сыйлады! ⚽️🔥 Кездесу жоғары қарқынмен өтіп, ойын барысында екі команда да жеңіске жету үшін барын салды. Алайда алаң иелері мінез бен жігер танытып, маңызды сәттерде шебер ойын өрнегін көрсете білді. Нәтижесінде «Оңтүстік» академиясы қарсыласын 3:2 есебімен жеңіп, өз жанкүйерлерін қуанышқа бөледі! 💙🤍 👏 Матч аяқталғаннан кейін клуб басшысы Бақдәулет Қожабаев команда ойыншыларын және бапкерлік құрамды
Толығырақ >>

Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Қожабаев Бақдәулет Бағланұлы

Опрос

Статистика

  • Осы айда184
  • Осы аптада43
  • Кеше6
  • Бүгін4
  • Желіде:0

Полезные ссылки